Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды

Экс-президент Астана ауруханасына жеткізілген


20/01/2023
13:02 22108 0

Фото: РБК

 

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Бұл жөнінде оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев хабарлады. 

 

 Операция сәтті өтті. Президенттің өміріне қауіп жоқ. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында, – деп жазды ол твиттер парақшасына. 

 

Бұған дейін «Хабар 24» арнасының бұрынғы директоры Александр Аксютиц Назарбаевтың Астана ауруханаларының біріне жеткізілгенін хабарлаған. 

 

– Менің дереккөздерім Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана ауруханаларының біріне жеткізілгенін айтты. Оның жүрегін тексеруден өткізуде. Медицина қызметкерлері жүрегіне операция жасауы мүмкін екенін мәлімдеді, – деген Аксютиц. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы президенттіктен кеткен. 2022 жылғы Қанды Қаңтар оқиғасына дейін биліктегі ықпалы күшті болған. Сарапшылар Ақорда мен Назарбаевтың кеңсесі «Кітапхана» арасында текетірес барын жиі айтатын. Қанды оқиғадан кейін ол видеоүндеу жасап, «2019 жылдан бері зейнеткер екенін» айтқан. 

Поделиться

Нет комментариев.

20/01/2023 13:02
22108 0

Уведомление